Сәлеметсіздер ме, құрметті достар!
Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжінің сайтына қош келдіңіздер!
Егер сіз өз тағдырыңызды теміржолмен байланыстыруды шешсеңіз, онда Сіз дұрыс таңдау жасадыңыз. Себебі Қазақстанның көлік қатынасында темір жолдың маңызы ерекше зор. Бүгінгі таңда біздің елімізді көлік магистральдарының тармақталған желілерінсіз елестету қиын. Осы саладағы қызметкерлердің кәсіби, қажырлы, шебер еңбегінің арқасында ел экономикасы, өнеркәсібі және бизнесі дамуда. Көлік үнемі жаңартылып отыратындықтан, көрсетілетін қызметтердің сапасы артады, жол жүру уақыты да қысқартылып, жаңа өндірістік және әлеуметтік нысандар пайда болып, заманауи технологиялар енгізілуде.Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжінің сайтына қош келдіңіздер!
Біздің колледжде техникалық және кәсіптік білім ең қолжетімді болып табылады және білім мен практикалық дағдылардың берік іргетасын, сондай-ақ сұранысқа ие, жоғары ақы төленетін мамандықты алуға және одан әрі ЖОО-ға түсу үшін дайындалуға мүмкіндік алады.
Заман ағымына қарай бүгінгі таңда біздің колледждің педагогикалық құрамы көлік индустриясының заманауи инновациялық дамуы негізінде оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын құруда. Біздің колледжді «Кадрлар ұстасы» деп атауға болады, ал темір жол салалары біздің сенімді серіктесіміз, сонымен бірге жұмысқа орналасу кепілі болып табылады.
Біздің колледждегі оқу- білім лайықты болашаққа бастама болсын!
Ізгі тілектерімен Ербол Джаруллаұлы!