Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерінің қызметі туралы ереже
Жалпы ережелер

1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерінің қызметі туралы ереже «Білім туралы» 2007 жылғы
27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының
25-3) тармақшасына сәйкес әзірленген және Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесі (бұдан әрі – РОӘК) мен бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктері (бұдан әрі – ОӘБ) қызметінің тәртібін айқындайды.
2. РОӘК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы (бұдан әрі - Министрлік) консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. ОӘБ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ТЖКОБ) базасында қызмет етеді.
Бір бейін бойынша ОӘБ сол бейін мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын бір және одан да көп ТЖКОБ ұйымдарын қамтиды.
ОӘБ қызметінің тәртібі.

ОӘБ негізгі мақсаты ТЖКОБ ұйымдарындағы білім, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды дамыту мен үйлестіру, оқу процесінің мазмұнын жаңарту, оқу әдебиеттері мен оқу құралдарын, ОӘК әзірлеу және рецензиялау болып табыады.
ОӘБ негізгі міндеттері:
1) ТЖКОБ саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу;
2) ТЖКОБ мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын және үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу мен сараптауға қатысу;
3) оқу процесін ұйымдастыру үшін ТЖКОБ ұйымдарын нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік құжаттамалармен қамтамасыз ету;
4) дайындалған оқу әдебиетеріне, аударылған шетелдік оқу әдебиеттері мен оқу құралдарына, ТЖКОБ білім беру бағдарламаларына, әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі мақсаттағы тест тапсырмаларына сараптама жүргізу, рецензиялау;
5) оқу әдебиеттерін, ОӘК, электрондық оқулықтарды сынақтан өткізуді ұйымдастыру;
6) ТЖКОБ білім беру ұйымдарында пайдалануға қажетті ұсынылған оқу әдебиеттерінің, оқу құралдарының, ОӘК тізбесін құрастыру бойынша ұсынымдарды енгізу;
7) инновациялық білім беру технологияларын енгізу бойынша озық тәжірибені жалпылау және тарату;
8) оқытудың кредиттік технологиясы мен дуальды оқыту жүйесін енгізу практикасын талдау;
9) ОӘБ бейініне сәйкес келетін ТЖКОБ мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды жүргізетін ТЖКОБ ұйымдары қызметінің өзара әрекеттестігін жүзеге асыру және үйлестіру жатады.
17. ОӘБ мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ТЖКОБ жүйесінің нормативтік-құқықтық құжаттарын өзгерту және толықтыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
2) үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының, ТЖКОБ білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту мен жетілдіру бойынша ұсынымдар енгізеді;
3) ТЖКОБ жүйесіндегі білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) ОӘБ әзірлеген ТЖКОБ оқу-әдістемелік құжаттамасын, сондай-ақ оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдарын іске асырады және таратады;
5) ОӘБ бейіндері бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТЖКОД ұйымдарынан ОӘБ жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық және өзге де материалдарды сұратады;
6) колледждердің білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарын дамыту мәселелері, сондай-ақ оның құзыреттіне жататын басқа да мәселелер бойынша ұсыныстарды зерделеу және дайындау үшін жұмыс тобын құрады;
7) оқу процесін ұйымдастыру бойынша ТЖКОБ ұйымдарына консультациялық көмек беруді жүзеге асырады;
8) озық тәжірибені зерделеу, тарату, ТЖКОБ ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсынымдар әзірлеуге қатысады;
9) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер мен оқу аудиовизуалды құралдарын жасау үшін авторлық ұжымдар қалыптастырады;
10) ОӘБ туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды және оны РОӘК жұмыс органына жолдайды;
11) жұмыс топтарын құру туралы шешім қабылдайды.
18. ОӘБ құрамына:
1) төраға;
2) төрағаның орынбасары;
3) әдіскер;
4) техник-бағдарламалаушы;
5) аудармашы кіреді.
ОӘБ төрағасы базасында тиісті бейіндегі ОӘБ қызмет ететін ТЖКОБ ұйымдарының басшысы болып табылады.
ОӘБ қызметі ОӘБ төрағасы бекітетін және РОӘК жұмыс органымен келісілетін бір оқу жылына арналған жұмыс жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
ОӘБ өз жұмысын бірлестікке кіретін ТЖКОБ ұйымдарының барлық өкілдерінің тең құқылығы, басшылықтың алқалылығы, қабылданған шешімдердің жариялылығы принциптерінде құрайды.
ОӘБ отырысы тоқсанына бір рет өткізіледі.
Тиісті бейін бойынша ОӘБ қызметі РОӘК шешімінің негізінде тоқтатылады.



Байланыс ақпараты
Бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестік: теміржол көлігі
Қазақстан Республикасы
050012, Алматы қаласы
Жамбыл көшесі, 102
БСН 990340002823
ЖСК KZ5196502F0010388114
"ForteBank" АҚ филиалы
e-mail:: agktk.umo@mail.ru

ОӘБ төрағасы: Ербол Жаруллаұлы дүкендер 8-727-392-87-22
ОӘБ төрағасының орынбасары: Тоқтамысов Бейсен Ақылұлы-8-705-1752929
ОӘБ әдіскері: Глущенко Татьяна Владимровна 8-707-2525500
Аудармашы: Нұриева Шолпан Қамысбекқызы 8-747-3004876