Магазов Ербол Джаруллаұлы

Директор

Магазов Ербол Джаруллаұлы

Магазов Ербол Джаруллаұлы 1993 жылдан бастап білім беру саласында қызмет атқарып келеді. Кәсіби қызметін зертханашыдан бастап біліп саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, нәтижелі еңбегі мен шеберлігінің арқасында біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары дәрежесіне дейін жеткен. Германия, Турция, Сингапур сияқты шет мемлекеттерден кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында тағылымдамадан өтті. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игі істері мен елеулі табыстары үшін "Ы.Алтынсарин", "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгілерімен марапатталса, сондай-ақ ҚР Білім Министрлігінің, Алматы қаласы Білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Қазіргі уақытта "Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры болып табылады.

Сәлеметсіздер ме, құрметті достар!
Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжінің сайтына қош келдіңіздер!
Егер сіз өз тағдырыңызды теміржолмен байланыстыруды шешсеңіз, онда Сіз дұрыс таңдау жасадыңыз. Себебі Қазақстанның көлік қатынасында темір жолдың маңызы ерекше зор. Бүгінгі таңда біздің елімізді көлік магистральдарының тармақталған желілерінсіз елестету қиын. Осы саладағы қызметкерлердің кәсіби, қажырлы, шебер еңбегінің арқасында ел экономикасы, өнеркәсібі және бизнесі дамуда. Көлік үнемі жаңартылып отыратындықтан, көрсетілетін қызметтердің сапасы артады, жол жүру уақыты да қысқартылып, жаңа өндірістік және әлеуметтік нысандар пайда болып, заманауи технологиялар енгізілуде.
Біздің колледжде техникалық және кәсіптік білім ең қолжетімді болып табылады және білім мен практикалық дағдылардың берік іргетасын, сондай-ақ сұранысқа ие, жоғары ақы төленетін мамандықты алуға және одан әрі ЖОО-ға түсу үшін дайындалуға мүмкіндік алады.
Заман ағымына қарай бүгінгі таңда біздің колледждің педагогикалық құрамы көлік индустриясының заманауи инновациялық дамуы негізінде оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын құруда. Біздің колледжді «Кадрлар ұстасы» деп атауға болады, ал темір жол салалары біздің сенімді серіктесіміз, сонымен бірге жұмысқа орналасу кепілі болып табылады.
Біздің колледждегі оқу- білім лайықты болашаққа бастама болсын!
Ізгі тілектерімен Ербол Джаруллаұлы!

Педагогический состав

Магазов Ербол Джаруллаұлы

Директор

Магазов Ербол Джаруллаұлы 1993 жылдан бастап білім беру саласында қызмет атқарып келеді. Кәсіби қызметін зертханашыдан бастап біліп саласының өркендеуі жолында...

Толығырақ

Кашаганов Дидар Ермекович

директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы / Год окончания и наименование учебного заведения​: В 2007 году я окончил Алматинский...

Толығырақ

Тарпанова Мадина Казибековна

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы / Год окончания и наименование учебного заведения​: 1988-1993: КазГу им. Аль-Фараби 1995-1998: Университет...

Толығырақ

Журынов Жаксылык Омарханович

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Толығырақ

Нурбакова Аяулы Серикмухаметовна

директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

Толығырақ

ЖАЙДАРОВ МАРАТ МЕНТАЙҰЛЫ

Директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы / Год окончания и наименование учебного заведения​: 1995 - 2000 г. г. –...

Толығырақ