АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ КОЛЛЕДЖДЕРІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ОҚУҒА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ



ӨТІНІМ BILIMALMATY.KZ ПОРТАЛЫНА ЖІБЕР


1) абитуриенттің ата-анасының біреуінің (немесе басқа заңды өкілдерінің) абитуриенттің нақты тұрғылықты жерін көрсете отырып, оның өкілінің ЭСҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;

2) білімі туралы құжаттың немесе электрондық нысандағы білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

3) № 075-У үлгідегі медициналық анықтама құжаттарының; І, ІІ топтағы және бала кезінен мүгедектер үшін 031-У үлгідегі медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысының электронды көшірмелері,

4) 3х4 см өлшемдегі сандық фотосурет.