2023 жылдың 28 сәуір айында Алматы қаласы Білім басқармасы; Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы, ТжКББ бөлімінің жоспарына сай, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің республикалық «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында «Жылдың үздік оқырманы» атты қалалық байқауы мемлекеттік колледждердің 2 курс білім алушылары арасында өткізілді.
Байқауға 20 колледжден 47 студент қатысты.
Байқаудың басты мақсаты
«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында колледж студенттерін кітапханаға тартуға, оқырмандар белсенділігін және білім алушылардың оқу сапасын арттыруға, олардың зияткерлік және рухани – имандылыққа дамуына, адамгершілікке тәрбиелеу және кітапты кеңінен насихаттау, «Бір ел–бір кітап» республикалық акциясын іске асыру, кітап оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи–мәдени және рухани мұраны сақтау, дамыту, ана тілін құрметтеу, студенттердің көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Байқау үш тур бойынша өтті.
1-тур Қазақ әдебиетінің классик жазушыларының шығармаларынан монолог оқу.
2-тур «Поэзия - жанның сазы». Поэзия сайысы –қазақ авторларының өлеңдерінің бірін мәнерлеп оқу ұсынылады немесе өз шығармашылығын оқуға болады.
3-тур Бук слэм – (Book slam) – кітап жарнамасы. Үйге берілген тапсырма. 2023 жыл «Бір ел–бір кітап» республикалық акциясына жыл кітабы болып, жазушы Төлен Әбдіковтың шығармаларын оқу
Әділқазылар алқасының қорытындысы бойынша жүлделі орындар белгіленді:
1 орын Орын Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің командасы
2 орын №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің командасы
2 орын Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің командасы
3 орын №1Алматы қазақ мемелкеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің командасы
3 орын Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледж командасы
3 орын Жоғары медициналық колледж командасы.

Көкжиек - Горизонт баспасынан барлық қатысушыларға сыйлыққа кітап және сертификат табысталды. Байқаудың өтуіне белсене қатысып, демеуші болған үшін, Көкжиек - Горизонт баспасына алғыс білдіреміз!